Жаңалықтар

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бөлім меңгерушісі Таукебаева Гаухар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат туралы баяндап, оның негізгі қағидаттары мен жүзеге асырылып жатқан шаралар жайлы кеңінен әңгімеледі. Ол жемқорлықтың қоғамдағы орны мен оған қарсы күресудің маңыздылығын нақты мысалдармен түсіндіріп, қатысушылардың назарын аудартты. Кездесуде оқырмандар өз ойларымен бөлісіп, жемқорлыққа байланысты сұрақтар қойып, пікірталасқа белсене қатысты. Сонымен қатар, кітапхана ұжымы азаматтардың құқықтық білімін арттыру мақсатында қолжетімді әдебиеттер мен ақпараттық материалдарды таныстырды. Шара барысында әдістемелік құралдар мен арнайы басылымдар ұсынылып, оларды пайдалану жолдары түсіндірілді. Ақпараттық сағаттың қорытындысында адалдық пен парасаттылықты дәріптейтін құндылықтарды насихаттау арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қа...
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.01.2025

«Қазақтың қайсар ханы – Қасым хан» атты тарихи сағаты өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі, Қасым ханның 580 жылдығына орай «Қазақтың қайсар ханы – Қасым хан» атты тарихи сағаты өтті. Қасым хан – Қазақ хандығының ханы , Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшіліксүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшілік сүйгіштігімен Қасым хан халық арасында ерекше әйгілі болды. Шара барысында оқушыларға Қасым хан туралы кітап көрмесі таныстырылып, «Қасым хан – Ұлы дала падишахы» атты деректі фильм көрсетілді. Талдықорған инновация колледжінің тарих пәні мұғалімі Жүнісов Мәжікен Адамұлы «Қасым ханның қазақ тарихындағы рөлі» атты баяндама оқылды. Шараға №4 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Азимжанова Баян және 8 сынып оқушылар...
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.01.2025

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Қадыр Мырза Әлі – қазақ поэзиясының пырағы» атты әдеби кеш өтті

17 қаңтар күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Қадыр Мырза Әлі – қазақ поэзиясының пырағы» әдеби кеші өтті. Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра деп жырлаған белгілі ақын, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Бала кезінде жетім қалған Қадыр кедейліктің тауқыметін көріп өсті. Балалық шағынан бастап кітаптарға қызығушылық танытып, Жымпиты аудандық кітапханасының тұрақты оқырманы болды. Тіпті, кітапханадағы барлық кітаптарды қайта оқып шығып, көркем әдеби шығармалардың жаңа басылымдарын асыға күтетін. Шара барысы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнеролик көрсетіліп, кітапханашы Фатима Бектемисова «Қазақтың дана - Қадыры» атты кітаптарына библиографиялық шолу жасады. Сондай – ақ Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектептің оқушылары Қа...
Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.01.2025

«Үздік оқырман - 2025» облыстық байқауы

«Үздік оқырман - 2025» облыстық байқауының шарттары Байқауға қатысушы орталық кітапхананың оқырманы болып тіркелуі тиіс. Әрбір қатысушы 2025 жыл бойы номинацияға сәйкес кітаптар оқуы тиіс. Ол оқырман формулярымен расталады. Қатысушылар өзіне ұнаған көркем әдебиеті туралы күнделікке жазып отырады. Жеңімпаздарды анықтау кезеңінде қазылар алқасы қатысушыларға оқыған шығармалары бойынша сұрақтар қояды. Байқауға қатысу үшін өтінімдер электронды түрде 2025 жылдың қаңтар айынан бастап қараша айының 30-на дейін okuzaly.19@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Байқау номинациялары: «Ең үздік оқырман» номинациясы – 2025 жыл бойы оқылған кітаптардың жалпы саны бойынша анықталады (кем дегенде 70 кітап); «Ең белсенді жас оқырман» номинациясы – 15-21 жас аралығындағы жасөспірімдер және 2025 жыл бойы оқылған кітаптардың жалпы саны бойынша анықталады (кем дегенде 50 кітап). Байқау жеңімпаздары желтоқсан айында «...
Толығырақ... Оқылды: 67 Санат: Афиша Уақыты: 15.01.2025

Кедергісіз болашақ аясында Брайль қарпін компьютерде теру сабағы өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Брайль қарпін компьютерде теру сабағы өтті. Сабақ барысында Арнайы экрандық және дауыстық қосымша «Jaws for windows» және Брайль дисплейі туралы ақпарат берілді. Қатысушы Смагулова Шырынгуль компьютерде файл ашу, сақтау, редакциялау сияқты арнайы командаларды қолдануды үйренді.Сондай-ақ өзі мәтін теріп, оны дауыстық қосымша арқылы тексерді.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.01.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика