Жаңалықтар

«Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті

28 қазан күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар әдебиетімен-болашаққа» жобасы аясында «Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті. Сайысқа 8 аудан, 2 қала кітапханаларынан 10 оқырман қатысып, Ескелді ауданының Жалғызағаш ауылының 4 сынып оқушысы Сайлаубек Ерсұлтан жылдық қорытынды байқауға жолдама алды.
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.10.2024

«Қазақ елі менің - Отаным» патриоттық кеш өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «25 қазан – Республика күні» мерекесіне арналған «Қазақ елі – менің Отаным» тақырыбында патриоттық кеші өтті. Мерекелік шараға «Қазақстан - елім менің»тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Бақжұлдыз» медиа орталығының білім алушылары Аяна Тлеуберлина, Мунира Қарғабаева мен Раушан Маулетқали қатысып, өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, «Мейірім» шығармашылық орталығының оқушылары патриоттық өлеңдерін арнады. Шараға арнайы қатысқан 54380 әскери бөлім байланыс торабының бастығы, капитан Өмірсерік Құрбанбек пен Жетісу облысының мамандандырылған күзет басқармасының – 1- полиция батальонының полицейі Шухрат Нұриман қатысушыларды Республика күнімен құттықтады. Сонымен қатар, полиция кіші сержанты Ермек Мұқатаев «Бір ел болса» әнін, 54380 әскери бөлімінің кіші сержанты Оралбай Айдар «Қазақстаным» әнін орындап, патриоттық көңіл күй сыйлад...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.10.2024

«Қазақ әдебиетінің асқаралы биігі» атты дөңгелек үстел өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде ҚССР-нің халық жазушысы Әбдіжәміл Нүрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің асқаралы биігі» атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында бөлім меңгерушісі Гаухар Таукебаева мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, соғыс ардагері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірбаяны мен шығармалары жайлы айтып, «Қан мен тер»,«Курляндия»,«Соңғы парыз», «Ақ­бидай туралы аңыз» сияқты кітаптарына библиографиялық шолу жүргізді. Сондай-ақ жазушының «Қан мен тер» роман трилогиясының 35 тілге аударылып Мұхтар Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында роман бойынша инсценировкасы жасалып кейін үлкен экранға шыққаны туралы ақпарат беріп өтті. Шараға «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің және «Қазақ соқырлар қоғамы» Талдықорған корпоративтік қорының инва-такси қызметкерлері қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.10.2024

«Қазақтың қабырғалы қаламгері» атты әдеби вернисаж өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, публицист, аудармашы және қоғам қайраткері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақтың қабырғалы қаламгері» атты әдеби вернисаж өтті. Қаламы қарымды, қолтаңбасы бөлек Әбдіжәміл Нұрпейісов – әдебиеттің алтын діңгегіне айналған тұлға. Ол әлем назарын аударған «Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы арқылы заман шындығын, Арал теңізі бойын жағалай қоныстанған тұрғындардың өмірін бейнеледі. Шара барысында ғұмырын ақиқат пен шындыққа, ұлтымыздың рухани кемелденуіне және Қазақ халқының шығармашылық мүмкіндіктерін әлемдік әдеби аренада мойындатуға арнаған қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығы баяндалып, оқырмандарға «Әдебиет абызы» атты бейнеролик және «Теңіздей толқыған қаламгер» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды. Әдеби вернисажға Талдықорған қаласының №4 орта мектебінің 8 ә сынып...
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.10.2024

Қазақтың батыры, ақын Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Махамбет жырлары – асқақ рухтың үні» атты тарихи сағат өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақтың батыры, ақын Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Махамбет жырлары – асқақ рухтың үні» атты тарихи сағат өтті. Шара барысында кітапханашы Айнаш Райқұлқызы қазақ батыры Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны мен шығармалары жайлы айтып, ақынның «Жыр жебе», «Жорық жырлары», «Ұлы Арман», «Айналайын Ақ Жайық» атты кітаптары қойылып, таныстырылды. Сонымен қатар Махамбет Өтемісұлы патша үкіметінің отарлау саясатынан өзінің өлеңдері арқылы жеткізгенін, халықтың мұң-мұқтажын жырларына арқау еткен ақындығы жайлы атап айтып берді. Махамбет Өтемісұлы күйші ретінде де танымал, батырдың ел арасында «Қайран нарын», «Жұмыр қылыш», «Жорық» атты күйлерін және бірнеше өлеңдерін дауыстап оқып берді. Шараға «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен зағип жандар қатысып, Махамбет Өтемісұлының туындыл...
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.10.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика