Жаңалықтар

«Кітап оқу көшбасшысы-2024» облыстық байқауы өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында қазақ балалар әдебиетін кеңінен насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу дәстүрін сақтау және дамыту мақсатында «Кітап оқу көшбасшысы-2024» облыстық байқауы өтті. Жарысқа көркем сөз оқу шеберлігін игерген 11-12 жас аралығындағы аудан, қала мектептерінің 12 оқушысы қатысып бақ сынасты. Байқау үш кезеңнен тұрды. І кезеңде «Эссе» жазу яғни, қатысушылар алдын ала ережеге сай үздік 6 автордың шығармаларына эссе жазып, қазылар алқасына ұсынылды. ІІ кезеңде Шығармалардан үзінді оқылады, сол үзінді қай шығармалардан екенін табу. ІІІ кезеңде «Кім көп біледі?» тапсырмасы бойынша оқыған 6 автордың шығармаларынан сұрақтар қойылды. Байқауға «Талдықорған политехникалық колледжінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы», «Жетісу облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығы» мен «Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхана» қызметкерлер...
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.10.2024

«Дала дауылпазы - С. Сейфуллин» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 15 қазан күні ақын С. Сейфуллиннің туған күніне арналған «Дала дауылпазы - С. Сейфуллин» атты тақырыпта кітап көрмесін INNOVERSE мектебінің 10 сынып оқушыларымен ақпараттық-библиографиялық бөлмінің меңгерушісі Г. Ешенова библиографиялық шолу жүргізу арқылы таныстырды. Кітап көрмесінде ақынның XX ғасырдың алғашқы ширегінде жазылған туындыларын ұсына отырып, «Тар жол, тайғақ кешу» романы мен «Көкшетау» поэмасына толық тоқталып, мазмұнын ашты. Сәкентанушы, академик Т.Кәкішұлының «Сәкен және Гүлбаһрам», «Сәкен Сейфуллин» ғұмырнамалық зерттеу кітаптары және басқада сәкентанушы, әдебиетанушы қаламгерлердің еңбектерін оқуға ұсынды.
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.10.2024

«Үздік балаларға арналған» жоба атты облыстық байқауы өтті.

Облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен жас оқырмандарды кітапханаға тарту, балалардың кітап оқуға деген қызуғышылығын ояту мақсатында «Үздік балаларға арналған» жоба атты облыстық байқауы өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрады. 1 кезең: Өзін таныстыру, слайд ұсыну 2 кезең: Жоба аясында жүргізілген жұмыстары, бейне таныстырылым 3 кезең: Кітапхана саласына қатысты сұрақ-жауап. Байқауға аудан, қала, ауыл кітапханаларынан 7 кітапханашы қатысты. «Үздік балаларға арналған» жоба номинациясымен Талдықорған қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы – Дайрабаева Лязат Султанғазықызы марапатталды. Сондай-ақ байқауға қатысқан барлық үміткерлерге Алғыс хаттар табысталды.
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.10.2024

Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ерлігі ұрпаққа үлгі» атты тұлғатану сағаты өтті.

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ерлігі ұрпаққа үлгі» атты тұлғатану сағаты өтті. Шара барысында клуб меңгерушісі Жанна Әділханқызы Рахымжан Қошқарбаевтың өнегелі өмірімен және өлшеусіз ерлігімен таныстырды. Өз сөзінде Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев атамыздың ерлігіне бас иіп, есімін мәңгі есте сақтау, құрметпен қарау біздің перзенттік борышымыз екендігін баса айтты. Сондай -ақ кітапханашы Айнаш Райқұлқызы даңқты батыр атамыз Рахымжан Қошқарбаевқа қатысты кітаптарға шолу жасап, оқуға кеңес берді. Шара соңында «Жетісу» оқу-өндірістік кәсіпорынының директоры Батыров Жеңіс Жолдығалиұлы Рахымжан Қошқарбаевтың өмірі жайлы, теңдесіз ерлігі жайлы өзінің ой-пікірімен бөлісті. Қатысушылар үшін өткізілген танымдық шараның маңызы зор болды.
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.10.2024

Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан» атты еске алу кеші өтті

Кітапхана шаңырығынды 2024 жылдың 11 қазан күні халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан» атты еске алу кеші өтті. Шара барысы Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі жайлы «Ерлігі ұрпаққа үлгі – Рақымжан Қошқарбаев» атты бейнероликтен бастау алып, кітапханашылар арнайы дайындаған «Жеңіс туын желбіреткен – Рақымжан Қошқарбаев» атты кітап көрмесі таныстырылып, 1 – полиция батальонының полиция старшинасы Доценко Кирилл Владимирович батырымыз туралы өлең жолдарын мәнерлеп оқып, полиция сержанты Мукатаев Ермектің орындауындағы «Мен қазақтың ұлымын» атты әні көрермендерге патриоттық рух сыйлады. Шараға Алматы облысының және Жетісу облысының мамандандырылған күзет басқармасымен, қаламыздың Абай атындағы №1 ОМ гимназиясының 8 – ші сынып оқушылары қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 75 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.10.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика