Жаңалықтар

«Аңырақай шайқасы – азаттықтың күресі» атты тарихи-танымдық сағаты өтті.

2024 жылдың 7 қараша күні Аңырақай шайқасына 295 жыл толуына орай «Аңырақай шайқасы – азаттықтың күресі» атты тарихи-танымдық сағаты өтті. Аңырақай шайқасы – қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалуға негіз болған қазақ-жоңғар соғысындағы ең ірі және шешуші соғыстардың бірі. 1723–1730 жылдарғы Отан соғысы әйгілі Аңырақай шайқасымен қорытындыланды. 1730 жылғы сәуірде жоңғар қонтайшысы Галдан Церенмен (Қалдан Серенмен) бейбіт келісімшарт жасасу арқылы «Ақтабан шұбырынды» қасіретінен бері өрши түскен қантөгісті азаттық күресіне жеңісті нүкте қойылды. Аңырақайдағы ұлы жеңіс халқымыздың этностық бірлігін, біртұтастық сезімін арттырды. Шара барысында оқырмандарға Аңырақай шайқасы туралы бейне-ролик көрсетіліп, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. №18 орта-мектеп лицейінің тарих пәні мұғалімі Ахметжанов Нұржан Дастанұлы Аңырақай шайқасы туралы баяндамасын оқыды. Шараға қаламыздың Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі ме...
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.11.2024

«Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің сұңқары» атты облыстық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Құрметті оқырмандар! Cіздерді Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында өтетін ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жылдық мерейтойына арналған «Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің сұңқары» атты облыстық конференцияға қатысуға шақырамыз. Мекен-жайы : Талдықорған қаласы, Н. Назарбаев даңғылы 91/99 Өтетін уақыты : 2024 жыл 13 қараша. Сағат 11.00
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: Афиша Уақыты: 07.11.2024

«Ілияс Жансүгіров және ұлттық рухани құндылықтар» атты кітап фестиваліне шақырамыз.

Құрметті оқырмандар! Cіздерді Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында өтетін ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жылдық мерейтойына арналған «Ілияс Жансүгіров және ұлттық рухани құндылықтар» атты кітап фестиваліне шақырамыз. Мекен-жайы : Талдықорған қаласы, Н. Назарбаев даңғылы 91/99 Өтетін уақыты : 2024 жыл 12 қараша. Сағат 10.00
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: Афиша Уақыты: 07.11.2024

«Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Брайль қарпін дербес компьютерден теру сабағы өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Брайль қарпін дербес компьютерден теру сабағы өтті. Сабақ барысында кітапханашы Рауан Нұрланов Jaws for windows арнайы қосымшасымен жабдықталған дербес компютердің көмегімен Ms Word мәтіндік редакторында Брайль қарпін теру және ол құжатты сақтау тәсілдерін үйретті.
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.11.2024

Батыр Өтеген Өтеғұлұлының туғанына 325 жыл толуына орай «Дастан болған батыр» атты ақпараттық сағаты өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 1 қараша күні батыр Өтеген Өтеғұлұлының туғанына 325 жыл толуына орай «Дастан болған батыр» атты ақпарат сағаты өтті. Ерлігі көптеген жыр-дастанға себеп болған батыр – жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қолбасшы. Ол 1699 жылы Шу өзені бойындағы Изенді өңірінде туған. Өтеген 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, қазақ елінің түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірді. Түркістан, Ташкент маңындағы кескілескен ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысқан. Қалмақтың Бөтхишар, Сабан Тайшық секілді аты шулы батырларын жекпе-жекте жеңіп, қазақ әскерінің даңқты қолбасшыларының біріне айналды. Төле бидің, Абылай ханның серігі болған. Шара барысы батырдың өмірі мен ерлігі жайлы «Аңыз түбі ақиқат» атты видеослайдпен басталып, оқырмандарға арнайы дайындаған «Ерлігі аңызға айналған батыр» атты кітап көрмесіне кітапханашы Бектемисова Фатима библиографиялық шолу жүр...
Толығырақ... Оқылды: 70 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.11.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика