Жаңалықтар

Халықаралық қайырымдылық күніне орай, қарттар мен мүгедектердің үйіне көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды.

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім 5 қыркүйек –Халықаралық қайырымдылық күніне орай, қарттар мен мүгедектердің үйіне көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды. Осыған орай мұқтаж азаматтарға көмек көрсету мақсатында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім қызметкерлері: Гаухар Таукебаева, Айнаш Абейбекова зағип жандардың, 1-ші топ көз мүгедектері Шырынгүл Смагулова, Гүлшари Касейнованың үйлерінде еден тазалау, сыпыру мен аулаларын қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Мұндағы басты ниетіміз – көмекке мұқтаж қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын беріп, көмектесіп, зағип жандардың аз да болсын, көңілдерін аулап, жүздеріне қуаныш сыйлау.
Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.09.2024

«Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты ашық есік күні өтті

3 қыркүйек күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында білім күніне орай «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне қатысқан «Unnoverse High School» жекеменшік мектебінің оқушыларына кітапхана құрылымы жақын таныстырылып, кітап көрмелері ұсынылды. «Тұғыры биік – тұлғалар» мерейтой иелеріне арналған және «Бір ел-бір кітап» акциясы аясындағы қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың кітаптары, «Жетісуым-жұмақ мекен» атты облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген кітаптар көрмесі таныстырылды. Кітапхана тынысымен танысқан оқушылар, кітапханаға тіркеліп, ұнатқан кітаптарын оқуға алды.
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.09.2024

30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне «Тәуелсіздік тірегі Ата Заң» атты кітап көрмесі өтті

29 тамыз күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен, қаламыздың 54380 әскери бөлімінде 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі Ата Заң» атты жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқа да құқықтық құжаттармен таныстыру, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік пен патриотизмді, Қазақстан азаматтарының бірлігін таныту. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. Конституция – бұл мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды, адам және азаматтың міндеттерін, бостандығы, негізгі құқығы, сондай-ақ жергілікті өзін өзі басқару органдары қызметі мен ұйымдастыру принциптерін реттеуші және бекітуші, барлық заң салаларының заңдық негізі болып табылатын, жоғары құқықтық күшке ие мемлекет пен қоғамның негізгі заңы. Конституция барлық құқықтық жүйенің өзегі болы...
Толығырақ... Оқылды: 63 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.08.2024

Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күніне арналған «Семей полигоны – тарихтың қасірет беттері» атты кітап көрмесі өтті

2024 жылдың 29 тамыз күні Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күніне арналған «Семей полигоны – тарихтың қасірет беттері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Семей полигоны-КСРОядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағындаатом бомбаларысынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп,Семейядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Көрмеге М.Сәрсекенің орыс және қазақ тілдеріндегі «Семей трагедиясы» және «Семей қасіреті» кітаптары,Қазақстан тарихы энциклопедиялық басылым, К.Бозтаевтың «Семей полигоны»,Е.Байғабылұлы «Ядролық зұлмат»...
Толығырақ... Оқылды: 66 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.08.2024

«Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы

27 тамыз күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар әдебиетімен-болашаққа» жобасы аясында «Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті. Сайысқа 8 аудан, 2 қала кітапханаларынан 10 оқырман қатысып, Алакөл ауданының Ушарал қаласының І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы Кентай Дарын жылдық қорытынды байқауға жолдама алды.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.08.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика