Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Әнімен әлемді әлдилеген әнші» атты жыр сағаты өтті.
Шараның мақсаты: Композитор Сыдық Мұхамеджановтың шығармаларын кеңінен насихаттап, ән жанры мен романстарын, пьесаларын зағип жандарға тыңдату.
Шара барысы оқырмандарға композитордың өмірбаяны мен туындылары таныстылырып, оның тамаша әуендері мен әр қырлы шығармашылығы жайлы, аға буын композиторлардың бірі екені туралы мағлұмат беріліп, кітаптарына шолу жүргізілді. Сонымен қатар, Мұқан Төлебаев атындағы қазақ аспаптар оркестрінің мүшесі Абуев Асхат, дәстүрлі әнші, талантты тұрақты оқырманымыз Дәуен Алғысбек, композитор Сыдық Мұхамеджановтың музыкасына жазған «Ақ баян», «Ғасырлар үні» атты әндерін орындап, оқырмандарға жақсы көңіл күй сыйлады.
|