Жаңалықтар

«Kitap Time - 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті

Бүгін кітапхана шаңырағында кітап оқуды кеңінен насихаттау, рухани, интеллектуалдық даму жолында жастарды ынталандыру және мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында «Kitap Time - 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті. Фестивалдің алғашқы құттықтау сөзін Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы директорының орынбасары Мадина Баймендинова оқырмандарға жылы лебізін білдіре отырып, кітап фестивалі қатысушыларына қызыққа толы әртүрлі бағдарламалар әзірленгенін айта кетті. Фестивальге арнайы келген Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Janr Жетісу әдеби клубының президенті Есболат Айдабосын мен ақын Ербол Оразбеков оқырман қауымға кітаптың маңыздылығын айтып, кітапханаға жиі келуге шақырды. Сондай-ақ, Жетісу обылысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншілері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Алматы облысының «Құрметті азаматы» Бақберген Асқарбеков және Абылай Қармысов әсем...
Толығырақ... Оқылды: 71 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.09.2024

«Еділ мен Жайық» атты музыкалық кеш өтті.

Кітапханада жазушы, композитор, суретші, этнограф, музыкатанушы Ілия Жақановтың 88 жасқа толуына орай «Еділ мен Жайық» атты музыкалық кеш өтті. Шара барысында оқырмандарға Ілия Жақановтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, «Даласындай дарқан дарын» атты бейне-ролик көрсетілді. Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің дәстүрлі ән бөлімінің ұстазы Төлеутай Серіков баяндамасында Ілия Жақанов туралы кеңінен мағлұмат беріп, жазушы, композитордың шәкірті болғаны жөнінде айтып кетті. Сонымен қатар, жазушы композитордың «Жайлаукөл кештері» атты әнін Дәнеш Рақышев атындағы филормонияны әншісі Гүлнұр Нұрасылова орындаса, колледж оқытушысы Төлеутай Серіков автордың «Аққу» әнін домбырамен орындады. Сондай-ақ, «Бақ жұлдыз» медиа орталығының әншілері Ныққали Айша «Сарыарқа» күйін тарту етсе, Абай Әділбек «Отырардағы той» әнін орындап, оқырмандарға жақсы көңіл күй сыйлады. Шара соңында ұстаз Төлеутай Се...
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.09.2024

«Бердібек балалардың қамқоршысы» атты кездесу кеші өтті.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл толуына орай «Бердібек балалардың қамқоршысы» атты оқушылармен кездесу кешін өткізді. Шараға № 19 мектеп гимназиясының 7 «б» сынып оқушылары қатысты. Шара барысында: кітапханашы Рауан Нұрланов балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың қысқаша өмірбаянын айта келе «Балалар әдебиетінің классигі» атты кітап көрмесімен таныстырып, жазушының кітаптарына библиографиялық шолу жүргізді. Сонымен қатар жазушының озық туындыларының бірі «Менің атым Қожа» повесін оқушылармен бірге талқылап. автордың кейінгі шығармаларының ішінде махаббат, сұлулық тақырыбына арналған «Қайдасың, Гаухар?» «Аяжан» атты әңгімелерін оқуға кеңес берді.
Толығырақ... Оқылды: 62 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.09.2024

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда!

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда! Зерттеуші, жас ғалым Ерден Нұрахмет кітапханамыздың қорына «Шоңай батыр» атты барлығы 4 дана кітап сыйға тарту етті. Құрметті оқырмандар, кітапханамыздың акциясына үлес қосуға шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 52 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.09.2024

«Kitap Time – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтенін хабарлаймыз!

Құрметті оқырман! 20 қыркүйек күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Kitap Time – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтенін хабарлаймыз! Шара барысында «PODCAST» форматында Жетісулық жас ақын-жазушылармен сұхбат, топтық ойындар, «Лоторея» алаңы, «Karaoke and Games», «Movie Time» кино көрсетілімі, «Biblio CAFE» алаңы ұйымдастырылады. Кітап фестивалін тамашалап, рухани кештің куәсі болуға шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 118 Санат: Афиша Уақыты: 16.09.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика