Жаңалықтар

«Домбыра – асыл мұра» атты кітап көрмесін ұйымдастырылды.

2024 жылдың 7 шілдесі күні Ұлттық домбыра күніне орай Жастар саябағында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы төрт бөлімінен тұратын «Домбыра – асыл мұра» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қазақ күйлерінің шығу тарихы, қазақ халқының музыкалық мәдениетінің дамуына үлкен ықпалын тигізген ұлы домбырашылар, күйшілік дәстүр, домбыра өнерін үйрену, күйлер мен әндердің домбыраға арналған ноталары туралы әдебиеттер қойылған. Кітапханашы Қымбат Садырбекова көрмеге библиографиялық шолу жасады.
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.07.2024

Домбыра күніне арналған «Домбыра – асыл мұра» тақырыбында жыр сағатын өтті.

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жетісу оқу өндірістік кәсіпорнына қарасты тігін цехында Домбыра күніне арналған «Домбыра – асыл мұра» тақырыбында жыр сағатын өткізді. Шараның мақсаты: қазақтың ұлттық аспабы – киелі домбыраны дәріптеу, домбыраға құрметпен қарау, домбыра үнінің құдіретін сезіну, ұлттық аспапты ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру. Шара барысында Кітапхананың тұрақты оқырманы өнерпаз, Дәуен Алғысбек тігін цехындағы жұмысшыларға өз өнерін көрсетті. Алғысбек домбырамен өзінің кең диапазонды дауысында бірнеше әндер шырқап, тыңдаушыларын тәнті етті. Домбыраның күмбірлеген үні тігін цехын ерекше шаттыққа бөледі. Цех жұмысшылары домбыра күніндегі шараны өздеріне тартылған сый деп сезінді. Домбыра үнінің құдіретіне, Дәуен Алғысбекке, шараны ұйымдастырушы кітапхана ұжымына ризашылықпен, алғыс сезімдерін білдірді.
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.07.2024

Жетісудың рухани қазынасы» атты кітап көрмесін таныстырды.

2024 жылдың 2 шілдесі күні Көксу ауданында «Андас» шежіре кітабының тұсаукесері өтті. Бабалар рухымен үндесу, ұрпақтарының жүздесуі мақсатында ұйымдастырылған республикалық шарада Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы «Жетісудың рухани қазынасы» атты кітап көрмесін таныстырды. Жетісу тарихынан басталатын көрме 2006 – 2023 жылдар аралығында облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген ақын-жазушылар, композиторлар мен суретшілердің еңбектері басылып шыққан кітаптардың таныстырылымымен жалғасын тапты. Көрмеге қойылған 172 кітапты кітапханашы Ерден Нұрахмет пен Наргиз Камбаева көпшілік оқырманға таныстырып өтті.
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 02.07.2024

«Ұлт тірегі – тіл» кітап көрмесі өтті

2024 жылдың 1 шілдесінде Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Тіл сарайында «Ұлт тірегі – тіл» атты кітап көрмесі өтті. Тіл - қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Кітап көрмесін ұйымдастырудағы мақсат патриотизмді тәрбиелеу және өз Отанына, халқына деген мақтаныш сезімін ояту. Оқырмандардың ана тілінің қадір-қасиетін біліп, тілдің, сөздің құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету. Көрмеге Анар Салқынбайдың «Тіл әлемі» атты кітабы, мектеп оқушыларына арналаған анықтамалық сөздіктер, жасөспірімдерге, жалпы оқырман қауымға арналған – «Сөз мәйегі», Шора Сарыбаевтың «Қазақ тіл білімінің мәселелері» атты кітаптар қойылды. Тіл жанашырларына арналған кітаптар және тағы да басқа мәліметтермен толықты. Шара соңында Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының Тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің қызметкерлері өз...
Толығырақ... Оқылды: 64 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.07.2024

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда!

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда! Педагог, доцент, филология ғылымдарының магистрі, ақын, фольклортанушы, зерттеуші Нұржан Дәулеткелдіұлы кітапханамыздың қорына «Қазақ фольклорының табиғаты» және «Қазақтың батырлар жыры және оның тарихи тегі» атты барлығы 4 дана кітап сыйға тарту етті. Құрметті оқырмандар, кітапханамыздың акциясына үлес қосуға шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.06.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика