Жаңалықтар

«Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті.

27 маусым күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар әдебиетімен-болашаққа» жобасы аясында «Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті. Сайыстың мақсаты мен міндеті: Жас оқырмандардың халық ауыз әдебиеті шығармасының түрлері: жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдермен таныстыру және халық шығармасының бұл түрлерін бір – бірінен ажырата білуі, мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуін және ойлау қабілетін, тілін дамыту. Сайысқа 7 аудан,2 қала кітапханаларынан 9 оқырман қатысып, Сарқан аудандық Ақын Сара атындағы орта мектебінің 6 «а»сынып оқушысы Жақып Айша Юсуфқызы жылдық қорытынды байқауға жолдама алды.
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.06.2024

«Шуақты жаз» атты маусым айы өз мәресіне жетіп қалды

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және таланттарын анықтау, балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты бағытта дамыту мақсатында «Шуақты жаз» атты маусым айына арналған іс-шара өз мәресіне жетіп қалды. 26 маусым күні аталған шараға қаламыздың Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің жазғы демалыс лагерінің 6 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты. Оқушыларға экскурсия жүргізіліп, кітапхана ережесі мен бөлімдері таныстырылды. Сондай-ақ, «Зейін TIME» ойыны ойнатылып, «Cover show» атты караоке бөлімде оқушылар әр түрлі тақырыпта әндер шырқады. Сонымен қатар, лагер оқушылары оқырман билетін алып, өздеріне ұнаған кітаптарын оқуға алды.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.06.2024

« Есірткісіз болашақ» атты дерек пен дәйек сағаты өткізілді

26 маусым - Халықаралық есірткі және есірткі саудасымен күрес күніне орай Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының «Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің» клубында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде « Есірткісіз болашақ» атты дерек пен дәйек сағаты өткізілді. Шараның мақсаты нашақорлықтың таралу қауіпі туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарын түсіндіру. Шара барысында кітапханашы Нұрланов Рауан зағип оқырмандарға зиянсыз және қауіпсіз есірткілер болмайтыны: кез келген есірткі улар санатына жататыны және алғашқы минуттан бастап денені уландыратыны, тіпті ең «қарапайым» есірткінің өлімге әкелетін дозасы бірнеше грамм ғана, ал ауыр және синтетикалық есірткілердің өлімге әкелетін дозасы жүздеген есе аз болатыны жайлы, нашақорлықтың негізгі себептері, сондай-ақ есірткіні қолданатын адамда пайда болатын белгілері туралы...
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.06.2024

«Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шара әліде жалғасын табуда.

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шара әліде жалғасын табуда. Шараның мақсаты кішкентай бүлдіршіндердің жан- жақты қызығушылығы мен қабілетін дамыту, мәдениетін, дүниетанымын кеңейту, мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, достық қарым- қатынастарын нығайтуға атсалысу. 25 маусым күні кітапханаға №45 балабақшаның жазғы лагерь бүлдіршіндері мен жетекшілері қатысып, кітапханаға экскурсия жасалды. Сондай-ақ, «Мен бақытты баламын» атты тақырыпта сурет салу сайысы ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге «Мультландия алаңы» атты бөлімде «Аю мен қояндар» мульфильмі көрсетілді.
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.06.2024

«Ертеңінді ойласаң есірткіге жолама» атты дерек пен дәйек сағаты өтті

2024 жылдың 24 маусым күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Халықаралық есірткі және есірткі саудасымен күрес күніне орай «Ертеңінді ойласаң есірткіге жолама» атты дерек пен дәйек сағаты өтті. Шараға Жетісу облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының дәрігері Молдаханов Еркебұлан Серикұлы қатысып, кітапхана ұжымына есірткінің қауіпі жайында ақпарат беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Шара барысында қатысушыларға «Есірткі-ғасыр дерті» атты бейнеролик көрсетіліп, кітапханашы Дулыханова Жанар «Есірткісіз болашақ!» атты кітап көрмесімен таныстырды. Айта кетейік, 26 маусым – «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» болып 1987 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен бекітілген болатын. Нашақорлық – бір сәттік әлсіздік немесе тәуелді болу ғана емес, адамның өмірін құртып, өлімге әкелетін ауру. Ресми статистикаға сәйкес, елімізде 18 мыңнан астам адам есірткіге тәуелді. Бүгінгі зама...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.06.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика