Жаһандық білім алудың биік шыңы ұлттық руханиятымызды асқақтатып, ата-бабамыздан қалған асыл мұраны бүгінгі ұрпаққа жеткізу.Жастардың бойына Отансүйгіштікті ұялату және патриоттық сезімін ояту Абайдың шығармаларын оқытудан басталғаны жөн. Осындай мақсатта бүгін Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Абай әлемі» атты облыстық Абай оқулары байқауы өтті. Байқау үш номинация бойынша өткізілді. Атап айтқанда, «Абайдың қара сөздері» (Абайдың қара сөздері жатқа, мәнерлеп оқу), «Абай үні, Абай лебі» (А.Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу), «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» (Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлының шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқу).
Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген жастардың ықыласын арттыру, әрі елімізд...
|